Саңғыл би

Саңғыл би
Сөз: Р. Балабиев
Әні : Б. Ордабековтікі

1. Қозмолдақ , Сызғандай ,
Көк орай шалғын ел қайда.
Сағына жүрек әрдайым,
Жүрсек-те алыс шалғайда.

Көп жылдар бойы осы жер,
Саңғылдың болған мекені.
Қаншама жаудан қорғанып,
Қаратау болды-ау бекемі.

                            
Қайырмасы.
Құстарың қыран болсыншы-ай,
Қоңырат ұран болсыншы-ай.
Ай болып таңба жарқырап,
Жүректе жыр ән болсыншы-ай.
Ұлдарың батыр болсыншы-ай,
Аллаһтан Рахым болсыншы-ай.
Иманы толып молынан,
Халқына жақын балсыншы-ай.

2. Саңғыл би мен Майқы би,
Шыңғысты таққа көтерді.
Қоңыраттан қыз  алып,
Жүректен жалын от өрді.
Ақ киіздің үстінде,
Тағына Шыңғыс отырды.
Саңғылға беріп батасын,
Таратты жиын топырды.
                                 
Қайырмасы:
Аузында Аллаһ болсыншы-ай,
Бақытың қолға қонсыншы -ай.
Жарыста оза шабатын,
Мінгенің жорға болсыншы-ай.
Ұлдарың батыр болсыншы-ай,
Аллаһтан Рахым болсыншы-ай.
Иманың толып молынан,
Халқына жақын болсыншы-ай.

3 . Ағысай, Нұрсай, Самайлар,
Саңғылдай биден тараған.
Біріне-бірі демеу боп,
Күндеріне жараған.
Есен би мен Тілесте,
Әулеттен осы тараған.
Саңғыл биін пір тұтып,
Ағайын туыс бар адам
                      
Қайырмасы.
Құстарың қыран болсыншы-ай,
Қоңырат ұран болсыншы-ай.
Ай болып таңба жарқырап,
Жүректе жыр ән болсыншы-ай.
Ұлдарың батыр болсыншы-ай,
Аллаһтан Рахым болсыншы-ай.
Иманы толып молынан,
Халқына жақын балсыншы-ай.
Қайырмасы.
Аузында Аллаһ болсыншы-ай,
Бақытың қолға қонсыншы -ай.
Жарыста оза шабатын,
Мінгенің жорға болсыншы-ай.
Ұлдарың батыр болсыншы-ай,
Аллаһтан Рахым болсыншы-ай.
Иманың толып молынан,
Халқына жақын болсыншы-ай.

Комментариев нет:

Отправить комментарий