Созағым

Созағым
Әні мен Сөзі: Рахым Балабиев

Алмалы сай, үйеңкілі шатқалым,
Сенің талай көлеңкеңде жатқанмын.
Шоқылардың төбесінен қылтиып,
Көрінетін нұрын шашып атқан күн.


ҚАЙЫРМАСЫ:
Қазағым елім,
Созағым жерім.
Төскейсаз төсі,
Ғажабым едің.

Қандай ғажап Қаратаудың бөктері,
Заман ғой бұл, ағып тұрған өтпелі.
Сағынамын мен өзіңді туған жер,
Көп жыл болды сенен жырақ кеткелі.

ҚАЙЫРМАСЫ

Қандай ғажап Қаратаудың баурайы,
Бір көргеннен көздің нұрын жаулайды.
Келіншектау жатқан тарих қарасаң,
Өркештеніп керуеннен аумайды.

ҚАЙЫРМАСЫ

Комментариев нет:

Отправить комментарий