Сарыағашым

Сарыағашым
сөзі: Р.Балабиев
Әні: Б.Мұсабеков

Сарыағашым жанға шипа мекенім,
Сенен ғана, сенен ғана сауықтым.
Сенде алғаш, сенде алғаш алаңдарда би билеп,
Тез арада бақытымды тауыппын.


                  
Қайырмасы:
Саған келіп дос таптым,
Жақсы жыр да жаза бастаппын.
Кетер кезде қимай қоштастым.          

Өзің ғана шырайлысы жерімнің,
Саған келді Нұрсұлтаны да елімнің.
Сеніменен, сеніменен асыл арман ұласып,
Көтерілдік биігіне сенімнің.

Қайырмасы:
Саған келіп дос таптым,
Жақсы жыр да жаза бастаппын.
Кетер кезде қимай қоштастым.          

Сен екенсің бар шаттығы үміттің,
Сенде жүріп қайғыларымды да ұмыттым.
Көңілімді көтеріп, алтыбақанда тербеліп,
Тап-таз ауаларыңда тынықтым.

Қайырмасы:
Саған келіп дос таптым,
Жақсы жыр да жаза бастаппын.
Кетер кезде қимай қоштастым.           

Комментариев нет:

Отправить комментарий