Саңғылдың жігіттері!

Саңғылдың жігіттері!
Құрсағынан ананың шыр еткенде,
Жарық дүниеге келгенбіз, ана балқып.
Ақ бесіктің әлдиі жыр еткенде,
Күн жылынып кеткенді, дала барқыт.



Қайырмасы
Қазағымның көк туын желбіретіп,
Ата – ананың жүрегін елжіретіп.
Бір анадан туғандай сезінеміз,
Арамыздан жатса да көп жыл өтіп.

Теріскейде төгіліп кіндік қаным,
Оңтүстікте есейіп түлегенбіз.
Айналайын саңғылдың жігіттері,
Елімізге тыныштық тілегенбіз.

Қайырмасы
Қазағымның көк туын желбіретіп,
Ата – ананың жүрегін елжіретіп.
Бір анадан туғандай сезінеміз,
Арамыздан жатса да көп жыл өтіп.

Ынтымақ пен  достықты негіз етіп,
Жомарттықты ту еттік, теңіз етіп.
Айналайын саңғылдың жігіттері,
Бірлікпенен тірлікті, егіз еттік.

Қайырмасы
Қазағымның көк туын желбіретіп,
Ата – ананың жүрегін елжіретіп.
Бір анадан туғандай сезінеміз,
Арамыздан жатса да көп жыл өтіп.

Есімізде әлі де бала күндер,
Теретінбіз таулардан лала гүлдер.
Айналайын саңғылдың жігіттері,
Туа берсін бақытты жаңа күндер.
Қайырмасы
Қазағымның көк туын желбіретіп,
Ата – ананың жүрегін елжіретіп.
Бір анадан туғандай сезінеміз,
Арамыздан жатса да көп жыл өтіп.

Комментариев нет:

Отправить комментарий