Сандуғаш

Сандуғаш
Көктемнің  гүліндей  боп,  еркем,
Сезімің  дірілдей  ме? еркем.
Әніңнің  ырғақтары  сенің,
Құстардың  үніндей  ме? еркем.



Қайырмасы.

Сандуғаш,  гүлзар  бағым  сенсің,
Сандуғаш қызғалдағым  сенсің.
Жанымның  ізгі  арманы сенсің,
Сандуғаш.

Жанымды  елжіреттің  еркем,
Сезімді  мөлдіреттің,  еркем.
Жайнаған  жаз  гүліндей  әсем,
Туыңды  желбіреттің,  еркем.

Қайырмасы.

Комментариев нет:

Отправить комментарий