ДАЛА

ДАЛА

Әні: Жұпар Бекшораеванікі

Мынау байтақ даласындай қазақтың,
Жер бар ма екен дүниеде ғажап тым.
Сол даланың жалбызының исімен,
Арманым жоқ  шалқып  өтсем аз –ақ күн.


Әдемісің сен неткен,
Бақыт маған-әрбір күнім сенде өткен.
Жатыр едің талай ғасыр тұншығып,
Шығатұғын болды үніңң енді өктем .

Дархан дала неткен ыстық құшағың,
Өзіңменен ғарышқа да ұшамын.
Сен арқылы асып –тасып көңілім,
Сен арқылы арындайды күш –ағын.

Балалығым өзіңменен бірге өткен,
Қызғалдақтай көңілімді гүлдеткен.
Сенің ыстық ықыласың деп білем,
Маған біреу гүл ұсынса құрметпен.

Шіркін байтақ қазағымның даласы –ай,
Кеңдігіңе,
Келбетіңе қараса-ай,
Құс қанатын талай рет талдырар,
Шығысың мен батысыңның арасы-ай.

Айналайын ұлан байтақ боз далам,
Күнің өткен бота болып боздаған.
Әр күн сайын өзің болмай тыныстап,
Әр күн сайын жүрегімде от қоздаған.

Дархан дала,
Арман едің мен үшін,
Өзің менің Сағынышым,
Өрісім .
Сеніңдағы жеңісің ғой деп білем,
Жетіп жатқан менің әрбір жемісім.

Саған арнап жазған, ән аяулы әнім,
Сен дегенде жүрегім алау, жалын.
Келбетіңді көруге асық болып,
Талай-талай аулыңа жаяуладым.

Мен өзіңе әйтеуір ғашық болып,
Өз-өзімен жүремін тасып, толып.
Тіршіліктің шуынан шаршағанда,
Құшағыма кірсейші қашып келіп.

Барған сәтте жаяулап алып-ұшып,
Сезіміңе мас болам қанып, ішіп.
Төсіңдегі тырсиған қос тынысың,
Жеміс сынды болмаған әлі пісіп.

Айым менің ,
Ғажайып күнім менің,
Бүгін тағы кіріп ілінбеді...
Күдерімді үзбеймін деуменен-ақ,
Жүрегімді күн сайын тілімдедің.

Алдық біраз ғашықтық заңые біліп,
Алдың мені сол заңмен бағындырып.
Күлсең болды әйтеуір шын пейілмен,
Жүрсең болды әйтеуір жанымды.

Комментариев нет:

Отправить комментарий