БАҚЫТТЫЛАР ӘНІ

БАҚЫТТЫЛАР ӘНІ
Әні : Сүгірәлі Сапаралиевтікі
Сөзі :Рахым Балабиевтіңкі

Жылдар өтіп жатыр ойласаң,

Өткен күндер оралады ойға сан.
Бала деген бақытым бар мәңгілік,
Қай кезде де есігімді тойға ашам.


ҚАЙЫРМАСЫ:
Бала деген қуанышың, ырысың,
Балаларсыз көрген күнің құрысын.
Балаң барда мәңгі өлмейсің,тірісің,
Балам –сәнді тіршілігім, тынысым.
Балам барда сарқылмайды төзімім,
Балам барда жарқылдайды сезімім.

Бататұғын кездерім бар мұңға да,
Шығатұғын кездерім бар шыңға да.
Қиындыққа барам кейде қамықпай,
Болашағым балам үшін бір ғана.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Ұрпағыммен тіршілігім гүл менің,

Солар үшін тыным таппай жүргенім.
Қай кезде де олар менің жанымда,
Қай кезде де мен олармен біргемін.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Комментариев нет:

Отправить комментарий